Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рөлде отырып жыныстық қатынасқа түскен жігіт әйелін өлтіріп алды

33 жастағы Мэтью Нотебирт бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол өзінің әйелі Аманда Нотебиртпен көліктің рөлінде отырып жыныстық қатынаспен айналысқан. Қанынан анаша мен ішімдік табылған Мэтью рөлге ие бола алмай қалған. Осылайша олар жол апатына түсіп, Аманда қайтыс болады.

3EC5920A00000578-4364208-image-a-9_1490878962367

Бұл туралы The Daily Mail басылымы хабарлайды

2014 жылдың 9 наурызында Нотебирттердің отбасында қайғылы оқиға болды. Мэтью өзінің әйелін мерекеге орай концертке апармақ болады. Екеуі жол жөнекей көлікте жыныстық қатынаспен айналысады. Ақыры Мэтью рөлге ие бола алмай, жол апатына себепші болады.

Жуырда сот төрағасы Лора Джонсон бұл істі Палм-Бич округіндегі сотқа тапсырды. Жол апаты болған түні Мэтью де, әйелі де белбеу тақпаған екен. Осының салдарынан әйелі алдыңғы терезеге басын ұрып алған. Бүгінде Аманданың отбасы оның күйеуін болған оқиғаға кінәлап жатыр. «Ол менің қызымды аман-сау үйге әкелуі керек еді. Мен оның барынша қатаң жазаланғанын қалаймын», – дейді Аманданың әкесі. Мұнымен қатар, Аманданың отбасы немерелерін Мэтьюден алшақ ұстамақ.

3EC5EF9700000578-4364208-image-a-8_1490878959499

Ақпан айында Мэтью өзінің кінәсін толықтай мойындады. Алайда қорғаушысы оның бостандыққа шығатынына толықтай сенімді. Себебі, 12 жасар Гейдж бен 3 жасар қызы Стейси әкелерімен бірге болғылары келеді екен. Десе де, бірнеше күн бұрын сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Түрмеден шыққаннан кейін ол 2 жыл бақылауда болып, 200 сағат қоғамдық жұмыспен айналысады.

3EC8892600000578-4364208-image-a-5_1490894829888

«Мұндай оқиға бірінші рет болып отырған жоқ. Сіз осы уақытқа дейін қамауға алынуыңыз керек еді. Бұл жолы сіз әйеліңіздің өліміне себепші болып, балаларыңызды бақытсыздыққа душар еттіңіз», – дейді сот төрағасы Джонсон.

3EC8895500000578-4364208-image-a-4_1490894827329

Тергеу жұмыстары барысында Мэтьюдің көлікті асқан жылдамдықпен жүргізгені анықталды. Мұнымен қатар, ол жылдамдықты түсіруге немесе тоқтауға әрекет жасамаған екен.


Жіберіп алмаңыз:

Қыз зорлаған жігіт жыныстық ләззат ала алмағаны үшін ақталып шықты

Отбасы жүкті болып қалған қыздарын 16 жыл бойы тыржалаңаш қамап ұстаған

19 перзенті бар ана 20-сәбиіне жүкті (фото)

Мына 3 ережені ескерсеңіз, сүйіктіңізбен мүлдем ұрыспайсыз

Талқылау