Ринат Жұматов: Қуат Хамитов – клоун!
“Атырау” футбол клубының ойыншысы әлеуметтік желіде аралас жекпе-жек жауынгері Қуат Хамитов жайлы жазба қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ футболшылары жайлы әр түрлі негатив ойлар айтатын Қуат Хамитовқа жартылай қорғаушы Ринат Жұматов жауап қайтарды.
“Қуат Хамитов – клоун! Ақша үшін өзінің досын жария түрде дәрежесін түсіріп жүрген адам”, – деді Жұматов.
“Атырау” ойыншысы бұл ойын Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жариялады. Және дәл осы жазбаны оқырмандарынан Хамитовқа жіберуін сұрады.
Өз кезегінде Қуатта қарап қалмады. Пост астындағы пікірге ол былай деп жауап қайтарды:
“Терпила” болып шықпасаң болды”.
Осылайша қос спортшының арасында пікірлер қақтығысы туды. Негізі Ринаттың мұндай жазба қалдыруына Хамитовтың қазақ футболшылары жайлы айтқан ойы түрткі болды.
“Футболшылар ерке қыздар секілді. Олардың пайдасынан гөрі проблемасы көп”, – деді жекпе-жек жауынгері.
Бұл Қуат Хамитовтың ел футболы жайлы айтқан алғашқы жазбасы емес. Бұған дейін, ММА файтері қазақ футболына бөлініп жатқан қаражаттың көп екенін, сондай-ақ футболшылар өз жалақыларына лайық емес екенін айтқан еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?

