Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зайытовтың әкесі: Халық Ринаттан билікке қарсы адам жасап алды

Рифхат Зайытов баласының ерекше қасиеттері туралы сөз қозғады. Айтуынша, айтыскер ақын бала күнінен өте зерек болған. Сондай-ақ, ол халықтың Ринаттан билікке қарсы адам жасап алғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Kyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ринат Зайытов

«Мен оған «Өзіммен қалғанда мен 11-сыныпқа дейін оқытатын едім. Мүмкін басқа салада адастырар ма едім» деп айтып отырамын. Әр нәрсенің қайыры бар. Отбасындағы қиындық Ринатты тәрбиеледі деп ойлаймын. Содан ол бала күнінен өңірдегі елдің ауызына іліне бастады», - дейді ол. 

Әрі қарай өзінің де жолдастар арасында әзіл, шарж жазып тұратынын айтты. Оны ұлы Ринат Зайытов жаттап алып елге оқып беретін болған. Бұған жолдастарының ренжитін кездері болатынын жасырмады. 

«Ринаттың есте сақтау қабілеті мықты. Мен өз парызымды өтедім. Ринатпен кейде сөйлесіп отырсаң, арасында патшаны мақтан тұтады. Халыққа Ринаттан билікке қарсы адам жасап алған сияқты. Ринат негізі билікке емес, биліктің қателігіне қарсы адам. Ал ол қателікті Назарбаев емес, айналасындағылар жасап жүр. Сын айтпай мін түзелуші ме еді? Айтқаны дұрыс», - деді ақынның әкесі Рифхат Зайытов. 
 

Талқылау