Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шулап, қозғалысқа кедергі келтіріп, полицейді қағып кеткен: ІІД Алматыдағы түнгі тәртіпсіздік туралы

10 маусымда танымал айтыскер ақын Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында тұрғындарды жиып, үндеу жасаған еді. Артынша айтыскер ұсталғаннан кейін мыңға жуық адам полиция департаментінің алдына жиналып, оны босатуын талап еткен. Полиция мәліметінше, оқиғадан кейін кей тұрғындар тәртіп бұзушылық жасаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Alt

Полиция 10 маусымда кешкі сағат 18:00 мен түнгі сағат 02:00-ге дейін адамдар тобының тәртіп бұзушылық жасап, тұтқындалғанын растады. Құқық қорғау органдары алдағы уақытта аталған оқиғаға қатысты құқықтық баға береді, дейді ведомстводағылар. 

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 10 маусымда кешкі сағат 18:00 шамасында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдында Ринат Зайытовтың үндеуі бойынша адамдар тобы жиналған. Олар заңсыз митинг өткізбек болған. Қатысушылар полицейлердің тарау туралы талабын ескермей, қарсылық танытып, тұтқындалған. Сонымен қатар олардың кейбірі Алматы Арена аумағындағы жолды жауыпты. 

«Зайытовпен түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, ол босатылды. Бұл кезде Алматы қалалық полиция департаментінің алдына оны қолдаған адамдар тобы жиналды. Зайытов үйінен келіп, олардан үйіне тарасуды, заңсыз митингтерге қатыспауды және арандатуға ұшырамауды өтінді. 

Жиналғандар бірнеше топқа бөлініп, қала бойынша тарасты. Алайда олардың бірі жеке көліктерімен Төле би және Абай даңғылдарындағы қозғалысты тоқтатты. Бір сап бойынша қозғалған 3-4 көлік жылдамдықты төмендетіп, дыбыстық сигналдар беріп, көліктің терезесінен шығып, қозғалысты бұзды. Сол кезде дәл осы көшелермен келе жатқан адамдар тобы жолды жауып, апаттық жағдай тудырды. Адамдар өздерін дөрекі ұстап, қатты айқайлап, ысқырды. Құқық бұзушылар нақты талаптарын айтпады», - дейді полициядағылар. 

Полиция мәліметінше, екіншіден, заңсыз акцияларға қатысушылар бірнеше қылмыс жасаған. Түнгі уақытта Төле би даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында заңсыз акцияға қатысқан жүргізушілердің бірі жолдағы қозғалысты реттеу бойынша қызметін атқарып тұрған жол-патруль полициясының қызметкерін қағып кеткен. Соның салдарынаноның аяғы сыныпты.

Ал жүргізуші оқиға орнынан із суытқан. Артынша ол ҚР ҚК 345-бабында қарастырылған қылмыс белгілерімен ұсталды. 

Сонымен қатар Алатау ауданында кешкі уақытта адамдар тобы полицияның қызметтік көлігіне тас лақтырып, терезесін сындырып, зақымдаған. Олар мас болған екен. Оқиғадан кейін тәртіп бұзушылар ұсталып, аталған факт ҚР ҚК 293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізімдемесіне енгізілді. 

«Үшіншінден, аталған құқықбұзушылықтар бойынша кешкі және түнгі уақыттарда «102» пультіне азаматтардан 1 250 шағым түсті. Олардың 70 пайызының шағымы түнде орын алған оқиғаға қатысты. Тұрғындар адамдардың шуы мен айқайынан шошыған. Жүргізушілер жол ережесін бұзғандарға шағымданды. 

Полиция органдары заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін тиісті шараларды қабылдады. Құқық бұзушылар тұтқындалды», - дейді полициядағылар. 

Полиция қазіргі уақытта Алматыдағы жағдай бақылауда екенін атап өтті. Көшелердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылданған. 

Өз кезегінде қалалық полиция қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілмейтінін және кез келген заңға қайшы, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге қатысты заңға сәйкес шара қабылданатынын ескертті. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әйел бір жыл бұрын ресейлік экс-күйеуі алып қашқан баласымен қауышты

Ашынған ана Владимир Путиннен баланы қайтарып беруді сұраған

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр