Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Риддерде 26 жастағы бойжеткен бір күн орманда түнеп шыққан

Риддерде орманда қыз жоғалып кетті. Бұл жайында оның жігіті айтқан, деп хабаралайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ШҚО Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

қыз орман

Риддер қаласында жігіт пен қыз кешкі уақытта орманға экскурсияға шыққан. Жолда екеуінің арасында ұрыс туып, қыз белгісіз бағытқа қарай кетіп қалады. Ол үш сағат бойы қоңырауға жауап бермеген. Қызды соңғы рет Риддерден 25-30 км болатын «Синюха» тауынан көрген. 

Оқиға орнына іздестіру-құтқару жұмыстары жеткен. Олар қызды соңғы көрген мекен-жайға кинологтармен бірге барған. 

«Құтқарушылар 2 топқа бөлініп, біріншісі – Риддер өрт сөндірушілері Синюха тауының солтүстік-шығыс жағы бойынша кетті. Ал таудың оңтүстік-батыс бөлігінен 8 адам мен бес иттен тұратын Өскемен құтқарушылар тобы жұмыс істеді», – дейді Риддер қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Евгений Тарасов.

Риддердің қалалық өрт сөндіру тобы 26 жастағы қызды өзен жағалауынан тапты. Ол дін-аман, жағдайы жақсы. Медициналық көмек қажет етпеді. Құтқарушылар жігіт пен қызды Риддерге дейін жеткізіп тастады.

Талқылау