Рыбакина Цинциннати турнирінің финалына шыға алмады
Фото: КТФ
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 10-орын) Цинциннати (АҚШ) қаласында өткен WTA 1000 сериялы турнирін аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жартылай финалда Рыбакина польшалық Ига Швентекке (3-орын) екі сетте — 5:7, 3:6 есебімен жол берді. Кездесу тартысты өткеніне қарамастан, әлемнің үшінші ракеткасы шешуші сәттерді тиімді пайдаланып, финалға жолдама алды.
Бұған дейін Рыбакина турнирде мексикалық Рената Сарасуаға (70-орын), бельгиялық Элизе Мертенске (22-орын), америкалық Мэдисон Кизге (6-орын) және әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкоға қарсы жеңіске жеткен еді.
Айта кетейік, биылғы турнирдің жүлде қоры 5 152 599 долларды құрайды. Жеңімпаз 752 275 доллар қаржылай сыйақы мен 1000 рейтингтік ұпай иеленеді.
Талқылау

"Киіктерді өз өмірінің құнымен қорғаған батыр": Қорықшы Ерлан Нұрғалиевтің қаруланған броконьерлерді қуамын деп қалай қаза тапты
Қайғылы оқиға 6 жыл бұрын “Охотзоопром” кәсіпорнында болған еді

"Кейбірі сәбиінен, кейбірі анасынан айырылып жатады": Қазақстандықтар перзентхана алдында дүбірлі той жасайтындарды сынады
Акушер: "Көп адамның жиналуы жаңа туған сәби мен анаға түрлі инфекция, вирус таратады"