Рианнаның бұрынғы жігіті сүйіктісіне қастандық жасады
Танымал американдық рэпер Крис Браун тағы да даудың ортасында қалды. Крис Браун кезекті рет сүйіктісіне шабуыл жасады. Нақтырақ айтсақ, қару кезеп, «оққа ұшырамын» деп қорқытты. Қылмыстың алдын алу үшін араға полиция кіріскен екен.
Бұл туралы dni.ru хабарлаған еді.
Лос-Анджелестің құқық қорғау органдары әлемге танымал әнші Рианнаның бұрынғы жігіті, танымал рэпер Крис Браунға қатысты істі тергеп жатыр. Есімі белгісіз қыз полицияға хабар беріп, әншінің қару кезеп, қорқытқанын хабарлаған.
Тәртіп сақшылары тез арада Браунның үйіне жеткенімен, ішке кіре алмаған. Себебі олардың қолында ордер болмаған. Полицейлер ішке кіруге талпынып жатқанда әнші терезеден сөмке лақтырған. Болжам бойынша, оның ішінде қару болуы мүмкін. Ал Браун құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық танытып, ұрыс шығарған.
Айта кетейік, болып жатқан оқиға туралы Браунның өзі инстаграмдағы парақшасында ашық түрде хабарлаған. Желідеді видеоларға сәйкес ол полицейлерді балағаттаған. Ал заң қызметкерлері сол күйі рэпердің үйіне кіре алмаған.
Естеріңізге сала кетейік, бұл Браунды «танымал ете түскен» алғашқы жанжал емес. Бұдан бұрын рэпер әнші Рианнаны соққыға жыққаны үшін айыпталған. Тіпті, ол Рианнаны буындыруға дейін барған деп хабарланған еді. Кездесіп жүрген жұп дәл осы жанжалдан кейін де айырылысқан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Канье Уэст жаңа клипінде Рианна мен Дональд Трампты “тыр жалаңаш шешіндірді” (видео + 18)
Рианна Майкл Джексон атындағы MTV сыйлығын алмақ
Рианна жаңбыр астында қалған жанкүйерлеріне пицца таратты
12 жасар бала Рианнаның хитын түпнұсқасынан да асыра орындады (видео)