Режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды
Қазақстандық режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақфильм" киностудиясына сілтеме жасап.
"Қазақфильм" киностудиясының басшылығы мен ұжымы және Қазақстан кинематографистер одағы кинорежиссер Қалдыбай Әбеновтің қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына шын жүректен қайғыларына ортақтасады", - деп жазылған киностудияның Facebook-тегі ресми парақшасында.
Қалдыбай Сейітбатталұлы 1951 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келді.
1986 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының режиссура бөлімін бітірді "Профессор Юрий Озеровтың шеберханасында" білім алды. Оқу кезінде жеті қысқа метражды фильм түсірді.
"Лейтенант Батырхан" және "Шәкәрім" деректі фильмдерінен кейін, 1986 жылдың желтоқсанындағы қайғылы оқиғаларға арналған алғашқы "Аллажар" көркем фильмін түсірді.
Талқылау

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады

"Қуыршақ секілді тістеп ары-бері сүйреді": Алматы облысында 10 жасар баланы иттер талап, сан еті мен құлағын жұлып алған
Екатерина істі сотқа жеткізіп, медициналық анықтамаларды жинап, кейін прокуратураға шағымданбақ