AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресеймен келіссөз жүргізуге кеткен Украина делегациясы Беларуське жетті

Ресеймен келіссөздер жүргізуге кеткен Украина тарапының делегация өкілдері Беларусь аумағына жетіп үлгерген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

россия украина 444

"Украина делегациясы қазірдің өзінде Беларусь аумағында, келіссөздер өтетін жерге бара жатыр. Бұл туралы SPUTNIKBY-ге келіссөздер процесіне жақын дереккөз мәлімдеді. Ресейлік келіссөзшілермен кездесу бүгін таңертең басталады деп күтілуде", – делінген агенттіктің Telegram-каналындағы хабарламасында.

Бұған дейін Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский Украинаның Ресей делегациясы барған Гомель облысында келіссөздер жүргізуге келіскенін айтқан. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Александр Лукашенко мен Владимир Зеленскийдің телефон арқылы сөйлескенін атап өтті. Кейіннен Sputnik Беларусь келіссөздер орны Александровка-Вильча өткізу пункті болып белгіленгенін жеткізді.



Еске салайық, Ресей 24 ақпанда Украинаны қарусыздандыру бойынша әскери операция бастады. Президент Владимир Путин ресейліктерге арнаған үндеуінде "оқиғалар бізден шешімді және шұғыл әрекет етуді талап етеді, Донбасс халық республикалары көмек сұрады" деген. Ресей қорғаныс министрлігі Ресей қарулы күштері Украина қалаларына соққы жасамайтынын атап өткен.

Бұған жауап ретінде Батыс елдері 2014 жылдан бері Ресейге кезекті санкцияларының бірін салды. ЕО-ның көптеген елдері ресейлік ұшақтар үшін әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдағанын жариялады. Ресей Федерациясы бұған 25 ақпаннан бастап транзиттік рейстерді қоса алғанда, Ұлыбританиямен байланысты немесе тіркелген әуе кемелерінің ұшуларына өзінің әуе кеңістігін пайдалануды шектеу арқылы жауап берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр