AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Украинаға басып кірген 4 күн ішінде 16 бала қаза тапқан

Укринаның денсаулық сақтау министрі Виктор Ляшко 24 ақпаннан басталған Ресейдің басқыншылық әрекеті кезінде 16 баланың қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ляшко жексенбі күні "Рада" телеарнасының эфирінде айтты деп жазады "Интерфакс-Украина".

"Төртінші күн... жаралыларға тәулік бойы операция жасап, біз олардың өмірін сақтап қалып жатырмыз. Балаларға да ота жасаймыз. Өкінішке қарай, 16 баланы аман алып қала алмадық", – деген ол.

Министрдің айтуынша, бұл – бейбіт халыққа оқ жаудырған лаңкестердің әрекеті.

"Бұл орыс әскерінің, алайда оларды әскер деуге келмейді, дәрігерлерге, балаларға, мектептерге, балабақшаларға қарсы қару кезеген лаңкестердің оқ жаудыруының салдары. Мен тағы да қайталаймын: бұлар әскер емес, бұлар –  лаңкестер", – деген Виктор Ляшко.



Украинадағы жағдай

Еске салайық, Владимир Путин бұған дейін Донбасста арнайы операция өткізуге шешім қабылдағанын айтқан еді.

"Қалыптасқан жағдай бізден шұғыл әрі батыл шешім қабылдауды қажет етеді. Донбастағы халықтық республикалар Ресейден көмек сұрады. Осыған байланысты БҰҰ жарғысының 51-бабы 7-бөліміне сәйкес, Федерация кеңесі санкциясымен және Федералдық жиналыста ратификацияланған ДХР және ЛХР-мен жасалған достық пен өзара қолдау туралы келісімді орындау үшін мен арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдадым", – деген ол.

Сонымен қатар Ресей басшысы басты мақсат Украинаны оккупациялау емес екенін атап өткен.

Алайда 24 ақпан бейсенбінің таңертеңгі уақытынан бастап Укранинаның бірнеше қалаларында жарылыс болғаны хабарланған. Бұл қалалардың қатарында ел астанасы Киев те бар.

27 ақпан күні Украина делегациясы Беларусьтің Гомель облысында Ресеймен келіссөздер жүргізуге келіскені жазылған. Арнайы делегация Беларуське аттанған.

Сонымен қатар Ресейде төрт күннен бері Украинадағы соғысқа қарсы митингтер өтуде. 27 ақпанда Ресейдің 50 қаласында наразылық білдірген 2,5 мың адам ұсталған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр