Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы Қазақстанға әкелінді

1 ақпаннан Қазақстанда Covid-19 қарсы "Спутник V" вакцинасын егу науқаны басталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 1 ақпаннан Қазақстанда "Спутник V" екпесімен еркіті түрде вакцинациялау науқаны басталады.

Бұған дейін жасалған келісім негізінде Қарағанды фармацевтикалық кешені елге "Спутник V" вакцинасының алғашқы партиясын жеткізді.

Жалпы, ақпан айында Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның 112 мың дозасын, наурызда - 150 мың, сәуірден маусымға дейін – ай сайын 600 мың дозаны жеткізетін болады.

Сондай-ақ, сәуір айынан бастап 75 мың доза көлемінде QazCovid-in отандық вакцинасы салынады деп жоспарлануда, ай сайын оның көлемі 500 мың дозаға көбейеді.

Бірінші кезекте халықтың жекелеген топтары - медицина қызметкерлері, полицейлер, әскери қызметкерлер және т. б. вакцинацияланады.

Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі. Вакцинация алдында дәрігер пациентті міндетті түрде тексереді.

Ел бойынша егу пункттерінің дайындығы тексерілді, профилактикалық егу жүргізу мәселелері бойынша стандартты операциялық рәсімдер бекітілді, 2 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды.

Айта кету керек, тек вакцинация коронавирустың одан әрі таралуына жол бермейді және қатаң локдаунның жалғыз баламасы.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр