Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік депутат жанкүйерлер төбелесін спорт түрі етуді ұсынды

Футбол жанкүйерлерінің “стенка на стенку” жарыстарын тағайындауды ұсынады РФ мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, ЛДПР мүшесі Игорь Лебедев деп хабарланады партия сайтында.

1712833

“Жанкүйерлермен арада байланыс орнатуға болады, олармен жұмыс істеу керек. Біздің жанкүйерлеріміз бұзақы емес, нағыз жауынгер болғандықтан, олардың төбелесін спорт түріне айналдыра аламыз. Спорттық жекпе-жек дегеніміз не? Бұл спорт түріне айналған екі адамның төбелесі емес пе. “Стенка на стенку” төбелесі сияқты орыс халқының ұлттық қызығын дәл солай спорт түріне айналдырған дұрыс қой? Ережелер енгізіп, командалар арасында жарыстар өткізсе болды”, — дейді депутат.

Мемлекеттік дума вице-спикерінің айтуынша, жұрт футбол матчы үшін ғана емес, осындай қызық ойын үшін де көбірек жиналар еді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанның ең сексуалды спортшы қызы ресейлік қарсыласын жеңіп тастады (видео)

Қанат Ислам ағылшынша қалай сөйлейді (видео)

“Мұхаммед Әлидің мәнерін” салмақшы болған боксшы нокаутқа түсіп қалды (видео)

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Талқылау