Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Боксшы Біржан Жақыпов лауазымды қызметке тағайындалды

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, 49 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Біржан Жақыпоов, бокс қолғабын шегеге ілді.

20160809090008

Фото: ҚазАқпарат

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

32 жастағы Біржан Жақыпов үш олимпиада ойындарына (2008, 2012, 2016) қатысты. Оның барлығында ширек финалда жеңілді. Ол кәсіби мансабы барысында әлем чемпионы (2013), әлем чемпионатының қола жүлдегері (2005), Азия чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері (2010, 2014) және Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанды.

Былтырғы Рио олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң мансабын аяқтаған Жақыпов, Шымкенттегі спорт мектебі директорының орынбасары қызметіне кіріспек.

Сондай-ақ, Жақыповпен қатар 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бокстасқан Берік Әбдірахманов та мансабын аяқтады. Азия чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері деген атақтары бар Әбдірахманов та Рио олимпиадасында сәтсіз жұдырықтасқан еді.

Бұған дейін бокстан ұлттық құрама капитаны, 69 келі салмақ дәрежесіндегі Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысқан еді. Алдағы уақытта Лондон және Рио олимпиадасының қола жүлдегері Иван Дычко да кәсіпқой боксқа ауысады деп күтілуде.

Оқи отырыңыз:

Боксшы Баду Джек төрешіні талдырып құлатты (видео)

Қазақстандық ауыр атлет Пекин олимпиадасының “чемпионы” атанды

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Қазақстандық спортшы әлемнің үздік ауыр атлеті атануы мүмкін

Талқылау