Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты

Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысты, деп хабарлады Vesti.kz.

pogudx3luf6k90h7b.562ab720

Олимпиада чемпионы құрылғанына көп болмаған MJA Entertainment’s промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Сондай-ақ, оның кәсіби рингте қандай салмақ дәрежесінде өнер көрсететіні де белгілі болды. Бұл туралы боксшының әкесі әрі бапкері Марат Елеусінов айтып берген.

«Кәсіби бокста боксшы бір ғана жекпе-жекке дайындалады. Бір тәулік қалғанда салмақ өлшейді, кейін қайта қалпына келеді. Ал әуесқой бокста таңертең барып салмағыңды өлшейсің де, кешкісін алаңға шығасың. Салмақты ұстап тұру өте қиын. Кәсіби бокста спортшылар жеті-сегіз келіге дейін салмақ қуады, салмақ өлшегеннен кейін жекпе-жектен 1 тәулік бұрын салмағын қалпына келтіреді. Әуесқой бокста бұл мүмкін емес. Қалай боларын енді көреміз», – деп атап өтті Марат Елеусінов.

Өз сөзінде әкесі Даниярдың 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетуі мүмкін екенін атап өтті. Есте болса, бұған дейін олимпиада чемпионы 69 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға шыққан.

Жіберіп алмаңыз:

Головкин жекпе-жек алдындағы секс туралы айтып берді

Қанат Ислам 2017 жылы Сауль Альвареспен жекпе-жек өткізуі мүмкін

Қуат “Найман”: Кімде-кім тіркеуге тұру туралы сұрақпен келетін болса, оны жерлеп тастаймын

Криштиану Роналду бәсекелесі Мессиді басып озып әлемнің үздік футболшысы атанды

Талқылау