Қуат “Найман”: Кімде-кім тіркеуге тұру туралы сұрақпен келетін болса, оны жерлеп тастаймын

Сейсенбі, 10 Қаңтар , 2017 9:53

Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы қазақстандық Қуат Хамитов уақытша тіркеуге тұрғызуға байланысты заңды халықты тонау деп атады.

obSESJN4hOUp

Елдің әл-ауқаты мен дамуына көңілі толмаған “Найман”, кімде-кім тіркеу туралы мәселемен келетін болса “жерлеп” тастайтынын айтып қорқытты.

“Біздің елімізде проблеманың көптігі сонша, оны санап шығу үшін менің және достарымның да саусақтары жетпейді. Ауылдар құлдырап, жұмыссыздық көбейіп, қысқарту болып жатыр. Азық-түлік бағасы аспандап кеткен, коммуналдық қызметтер де солай. Зейнеткерлердің де жәй-күйі оңып тұрған жоқ.

Алматыдан 100 шақырымға ұзап шықсаң, мүлде басқа өмір. Жолдар 1945 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жастар араққа құмартып, ұрлық-қарлықпен айналысып жүр. Бәрі аштан өлмес үшін қалаға келіп жатыр.

Енді осыдан соң адамдар өз елінің ішінде жүріп-тұрғаны үшін ақы төлеуі керек екен. Құдай атымен ант етейін маған осы сұрақпен кімде-кім келетін болса, мен оны жерлеймін.

Қазақстан мұнай, газ, алтын, күміс, уран, меди, алюминий, көмір қоры бойынша үздік бестікке кіреді. Халық оның қызығын көріп жатқан жоқ. Енді осы жағдайлардан кейін сіздер өз халқыңызды тонағыларыңыз келе ме? “Алға Қазақстан” деп айқайлай берген адам патриот емес, өз халқының жәй-күйін сезіне білген адам патриот! Біздің елімізде шешімін таппаған қаншама мәселе бар, ал олар АЕК-ке (айлық есептік көрсеткіш) негізделген заң ойлап тапқыш”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Еске сала кетсек, елімізде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті уақытша тергеу туралы заң енгізілген болатын. Қазіргі таңда қоғам бұл заңға жаппай қарсылық білдіруде. Сондай-ақ, тіркеуге тұрмаған азаматтарға 7 қаңтардан бастап айыппұл салынатынын хабарлаған едік.

Оқи отырыңыз:

Әлемге әйгілі желаяқ Усейн Болт бүкіл жүлделерінен айырылып қалуы мүмкін

Мейвезер: Альварес Головкинді нокаутпен жеңеді

Қытайлық клуб Роналду үшін 300 млн еуро ұсынды

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Anonymous says:

    Сол занды шыгаргандар квартирага турыр кориппе ози

  • Anonymous says:

    Сол занды шыгаргандар квартирага турып кориппн

  • Anonymous says:

    Жарайсыз ага!Жылы жерде отырып алып зан шыгаргыштарды орнына коятын уакыт келди.Ериккен адам патер жалдап кангыра ма?терроризмге карсы дейди жане.Бала-шагасын зорга асырап журген казактын баска шаруасы жоктай.Халыкты абден ызаландырып болды.Колдарынан халыкка жагдай жасау келмесе билик тегис отставкага кетсин.Атасынан калган казына емес казактын байлыгы онды-солды шашатын.

  • Anonymous says:

    Сен нагыз патриотсын!!!

  • Анонимно says:

    Нағыз ер жігіт осындай жігіттер алға шығып халыққа жол көрсетпесе болмайды

  • Жарас says:

    Алла разы болсын! Міне осындай елге белгілі азаматтар бас көтермесе болмайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар