Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәбина Алтынбекова Ақтөбеде өзінің жеке волейбол клубын ашпақ

Танымал қазақстандық волейболшы ару Сәбина Алтынбекова жаңа волейбол клубын ашу туралы ойымен бөлісті.

11

Бұл туралы “Диапазон” хабарлайды.

Журналистердің сауалына жауап берген Алтынбекова, өз қаласы туралы да айтып өтіпті.

“Ақтөбе ешқашан бір орында тұрған емес, қарқынды даму үстінде. Жастар спортпен белсенді айналыса бастаған. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта да арта түседі деп ойлаймын”, – дейді волейболшы.

Сондай-ақ, спортшы қыз алдағы уақытта жеке клуб ашу туралы да жоспары бар екенін айтып қалды.

“Бұл волейбол клубында ерлер де, әйелдер де жаттыға алады. Сондай-ақ, әйелдер командасы үшін жоғарғы және премьер-лига құрғымыз келеді. Және біз кішкентай қыздардың арманын орындау үшін өз клубымызды ашамыз”, – деді ол.

Алтынбекова өзі қазір “Алматы” клубында өнер көрсетеді. Аталмыш команда 23 жасқа дейінгі қыздар ойнайтын ұлттық лига сапында.

“Маған спортты тастап, модель бизнесімен айналысу туралы да ұсыныс жасалған. Бірақ, мен қарсылық білдірдім. Себебі, спорт мен үшін бірінші орында. Мен өмірімді спортпен байланыстыруды бала кезден арман еткенмін. Мақсаттарым да көп”, – дейді Сәбина.

Сәбина Алтынбекова қазіргі таңда тек Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде де ең сұлу спортшы қыздардың алдыңғы қатарында. Бұған дейін оның балауыз мүсіндерінің жасалып сатылымға шыққаны және қостанайлық жаңа бәсекелесінің де пайда болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Оқи отырыңыз:

Илья Ильин жетім балаға тегін білім беру депозитін ашты

Олимпиада чемпиондары Баландин мен Рахимов әскер қатарына алынды

Танымал футболшымен бәстескен қазақстандық жігіт 40 градус аязда жалаңаш жүрді

Талқылау