Сәбина Алтынбекованың балауыз мүсіні сатылымға шықты (фото)
Сұлу волейболшы Сәбина Алтынбекованың фанаттары енді оның дәлме-дәл көшірмесін қолға түсіре алады.

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.
Сұлулығымен тәнті еткен волейболшының балауыз мүсіні сатылымға шығарылды. Сәбинаның көшірмесіне (ұзындығы – 182 см, аяғының үзындығы – 124 см) eBay.com интернет-порталы арқылы қол жеткізуге болады. Көшірмемен бірге волейбол добы да, тіпті өзіне тән күлкісі де бар.

Мүсіннің құны – 17 мың доллар. Бұл сатылымға шығарылып отырған балауыз мүсіндердің арасында бағасы жағынан көш бастап тұрғанын айта кету керек. Футболшы Криштиану Роналду мен актер Хью джекманның мүсіндерінің өзі 16,5 мың доллардан бағаланған. Скарлетт Йохансон үшін де осы сома сұралып тұр.
Ал “Арнольд Шварценеггерді” алғысы келгендер 15,3 мың доллар төлеуі тиіс.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"