Танымал футболшымен бәстескен қазақстандық жігіт 40 градус аязда жалаңаш жүрді
Петропавлдық футбол фанаты Жәнібек Бердалиев Украина құрамасы мен германиялық “Шальке” командасының жартылай қорғаушысы Евгений Коноплянкаға берген сөзінде тұрып, уәдесін орындады.

Бұл туралы sport.obozrevatel.com хабарлайды.
Жанкүйер жігіт егер танымал футболшы “ВКонтакте” желісіндегі ресми тобындағы хабарламаға жауап беретін болса, онда қақаған аязға ішкиіммен шығуға уәде берген.
“Мен Жәнібекке пікір қалдырып, жауап бердім. Ол нағыз еркек ретінде сөзінде тұрып, 40 градус аязда жалаңаш тұрды”, – деп жазды Коноплянка твиттерде.
Коноплянка бұл маусымда бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Жалпы “Шальке” сапында 11 ойынға қатысып үлгерген.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды