Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік БАҚ: Қазақстан азаматы Украина жағында соғыс қимылдарына қатысқаны үшін 20 жылға сотталды

Ресейлік БАҚ-та Донецк Халық Республикасының Жоғарғы соты 31 жастағы Қазақстан азаматын Украина жағында Ресейге қарсы соғыс қимылдарына қатысқаны үшін сырттай 20 жылға соттағаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Sean Gallup/Getty Images

Ресей Федерациясы таратқан ақпарат бойынша, қазақстандық азамат РФ Қылмыстық кодексінің 359 бабы, 207 бабы "Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін пайдалану туралы көрінеу жалған ақпаратты тарату" және 282 бабы "Өшпенділік немесе араздықты қоздыру” бойынша кінәлі деп танылған. 

Ақпаратқа сәйкес сотталушы 2021 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың шілдесіне дейін Украина жағында әртүрлі әскери байланыс нүктелеріндегі ұрыс қимылдарына қатысқан. Бұл үшін ол сегіз миллион рубльден астам сыйақы алған. Сондай-ақ сотталушының ресейліктерді зорлық-зомбылыққа шақырған видео хабарламаны әлеуметтік желілерде жазып алып, таратқаны айтылған.

Еске салсақ, осыған дейін Сирияда соғысқан Қазақстан азаматы Алматыға депортацияланғанын жазғанбыз.

Талқылау