Украинаның Краматорск қаласындағы вокзалға зымыранмен соққы жасалып, бейбіт тұрғындар қаза тапты
Бүгін, жұма күні Украинаның Донецк облысында орналасқан Краматорск қаласындағы теміржол вокзалына зымыранмен шабуыл жасалды. Шабуылдан кемі 30 адам қаза болып, жүзден аса адам жараланды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Донецк облысы губернаторы Павел Кириленко ракета шабуылы жасалған тұста вокзалда мыңдаған адам эвакуациялауды күтіп отырғанын айтады. Кириленконың сөзінше, шабуыл Ресейдің "Искандер" ракетасынан жасалған. Ал "ДХР" аумақтық қорғаныс штабы шабуылды украиналық "Точка-У" ракетасынан жасалды дейді. Краматорск қаласы Украинаның бақылауында.
Кейіннен Украина президенті Владимир Зеленский соққының дәл осы зымыранмен жасалғанын жазды. Ол шабуыл жасады деп орыс әскерлерін айыптады.
- "Темекі сұрап, басынан атып тастады": Amnesty ұйымы Ресей сарбаздарының қолынан мерт болған бейбіт тұрғындардың оқиғаларын жариялады
- Кейбірінің қолы байланған: Киев маңындағы Бучада қаза тапқан бейбіт тұрғындардың мәйіті жатыр
"Әскерилер мыңдаған бейбіт тұрғын эвакуацияны күтіп тұрған Краматорск теміржол вокзалына "Точка-У" зымыранымен соққы жасады. 30-ға жуық адам қаза тапты, ал 100-ге жуығы жарақат алды. Бұл зұлымдықтың шегі жоқ", – деп жазды Зеленский.
Зымыранның қалдығында "За детей" (балалар үшін) деген жазу болған.
Кейінгі уақытта Ресей Киев және Чернигов облысынан шегініп, Донбасс және Луганск облыстарына қарай жылжыған. Украина тарабы Ресей Донбассқа шабуылды күшейтпек деп, халықты аймақтан кетуге шақырған еді. Осыдан соң бейбіт тұрғындар Донбасстан қаша бастады. Краматорск вокзалы – бейбіт тұрғындарды эвауациялауға арналған негізгі орындардың бірі.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
