Ресейден ауыл шаруашылығы техникасын, көлік құралдарын және медициналық бұйымдарды әкелу үшін рұқсат қағазы талап етіледі
Ресей Федерациясы тауарлардың жекелеген түрлерін елден тыс жерлерге шығаруға рұқсат беру тәртібін енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 9 наурыздағы қаулысымен келесі тауарларға қатысты Ресей Федерациясының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағына әкетуге рұқсат беру тәртібі ензілді:
ауыл шаруашылығы машиналары мен бөлшектері; көліктер мен керек-жарақтар; өнеркәсіп өнімдері;
телекоммуникациялық жабдық, оған арналған бөлшектер мен материалдар;
зертханалық, тау-кен, барлау, геофизикалық жабдықтар және оған арналған бөлшектер;
медициналық өнімдер.
Ресейдің тиісті министрліктері заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің өтініші негізінде бекітілген деректерге сәйкес тәртіппен рұқсат береді. Қазақстандық бизнес үшін бұл көрші елде сатып алынған тауарды рұқсатсыз оның сыртына шығаруға болмайтынын білдіреді.
Алайда бұл шара мыналарға қолданылмайды: СТ-1 нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаты бар Ресей Федерациясының аумағынан шыққан тауарлар үшін;
халықаралық транзиттік жөнелтілімдердің бөлігі ретінде Ресей Федерациясының аумағынан экспортталатын тауарлар үшін;
Ресей Федерациясы аумағының бөліктері арасында шет мемлекеттердің аумақтары арқылы тасымалданатын тауарлар үшін;
Байқоңыр қаласында (Қазақстан Республикасы) және "Байқоңыр" кешенінің аумағында орналасқан ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясының аумағынан әкетілетін тауарларға;
халықаралық тасымалдаушы көлік құралдарында;
жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін әкететін тауарлары бойынша және тағы басқа жағдайлрда.
Бұл тәртіп 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейін белгіленген.

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
