Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде жолаушылар ұшағы құлап, төрт адам қаза болды

Ресейдің Иркутск облысында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Бортында 2 экипаж мүшесі мен 14 жолаушысы болған әуе кемесі ұшып-қону жолағына жетпей, жерге қонуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

ұшақ

Ресейлік БАҚ мәліметінше, ұшақ апатының салдарынан 4 адам қаза тауып, тағы 5 адам жарақат алған. Лайнер жерге құлаған соң, жанып кеткен. Ұшақ апаты Иркутск облысы Казачинское ауылының маңында орын алған. 

Қазіргі таңда оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде. Жарақат алғандар өз бетінше қозғала алмайтын көрінеді. 

Жолаушылар ұшағының құлауына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 


"Баламның билетін жыртып, ұшақтан қуып шықты": Тағы бір қазақстандық әйел FlyArystan әуе компаниясына шағымданды

Дидар Халық
Дүйсенбі, 13 Қыркүйек, 2021 07:52
Талқылау