Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде жүрек аппаратымен жүрген оқушыны террорист деп автобустан қуып шықты

Екатеринбург қаласының 9-сынып оқушысы Татьянаны террорға қатысы бар деген күдікпен автобустан шығарып жіберген.

Безымянный

Сурет: ngzt.ru

Ол футболкасының ішінен жүрекке арналған аппарат тағып жүрген. Бұл жайлы жергілікті тұрғындар баяндап берді.

Оқиға 29 шілде күні жұма күні болған. Жүрек-тамыр дистониясымен ауыратын қызға дәрігерлер арнайы аппарат кигізген. Ол ауруханадан шығып, автобуспен үйіне қайтпақ болған. Оқиғаға себепкер егде жастағы әйел екен.

Алдыңғы орында отырған әйел оқушыға «сен террориссің, қазір бәрімізді жарасың. Мен онымен бірге бармаймын» де шу шығарған. Кондуктор жанжалдасқан екі жолаушының бірінен автобустан түсіп қалуын өтінген. Алайда, егде жастағы әйел түсуден бас тартқан. Сыосын оқушы көліктен түсіп қалған.

Облыстық прокуратурада «кәмілетке толмағандарды қоғамдық көліктен шығарып тастау» ісі бойынша оқиғаның мәнін анықтап жатыр. Тексеріс нәтижесіне қарай шара қолданылатын болады», – деп хабарлады прокуратураның баспасөз қызметі.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда кондуктор паранджа жамылған әйелді көліктен қуып шықты

Режиссер қойылым кезінде ұйықтап қалған көрерменді залдан қуып шықты

Ашулы әйел Флорида губернаторын кофеханадан қуып шықты (видео)

Талқылау