Қарағандыда кондуктор паранджа жамылған әйелді көліктен қуып шықты

Сәрсенбі, 6 Сәуір , 2016 20:03

Қарағанды қаласының «Гарант» қоғамдық бірлестігінің адам құқын қорғау бөлімінің төрағасы Жасұлан Айтмағанбетов паранджа жамылған әйелді қоғамдық көлікке кіргізбей қойған оқиғаға байланысты пікірін білдірді, – деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz».

975621d7210314bf0d91e2a8e32eae63_XL

Маманның айтуынша, бұл оқиғада адамды діни көзқарасы бойынша кемсіту және адам құқығын бұзу орын алған.

«Біріншіден, кондукторға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық бойынша өндіріс жүргізілуі мүмкін. Екіншіден, елімізде исламға деген үрейдің жойылуына көңіл бөліне бермейді. Мәселен, автобусқа монах әйел кірсе, ешкім олай үрейленбейтін еді», – дейді Айтмағанбетов.

«Ол әйел құқық қорғау органдарына автопарк және оған діни көзқараста қарсы келген тұлғаларға қатысты арыз жазуына болады. Мұндай оқиғалар «Халықаралық және ұлтаралық араздықты өршіту» бабы бойынша қаралады. Бапқа сәйкес 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін», – деп қосты ол.

Жолаушылардың айтуынша, автобусқа қолына пакет пен сөмке ұстаған, қара киіммен оранған әйел кірген. Оның көзінен басқа еш жері көрінбеген.

«Жолаушылар маршрутта бір-бірімен сыбырласып, уайымдай бастады. Әлдекім ойын ашық айтып, ол әйелді көліктен шығарып тастауын талап етті. Сондықтан қауіпсіздік мақсатында кондуктор ол әйелдің басқа көлікке отыруын сұрады», – дейді куәгер Гүлнәр Махмудова.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Анонимно says:

    Енди кайтсин халык коркып калганго

  • Анонимно says:

    Арине актобедеги окигадан кеин адамдар қорқа бастады

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар