Режиссер қойылым кезінде ұйықтап қалған көрерменді залдан қуып шықты
Ресейдің Киров қаласында актер, режиссер және драматург Евгений Гришковец қойылым кезінде ұйықтап қалған көрерменді театр залынан қуып шықты.

Сурет: rugrad.eu
Оқиға 27 наурызда болған. Гришковец қалаға «Шепот сердца» қойылымын апарды. Ол ойынды екі рет тоқтатып, кедергі келтірген көрермендерден кетуін сұрауға мәжбүр болды.
Бастапқыда актер тыйым салынғанына қарамастан, суретке түсіріп жүрген фотографты қуып шықты.
Қойылым соңында актер ұйықтап қалған көрерменді оятты. Гришковец көрермен ұйықтап отырса, актер рөлде ойнай алмайтынын батырып айтты.
Әртістің сөзіне қарағанда, ұйықтап қалған қонақ, қаладағы белгілі жас диджей көрінеді. Ол қалған көрермендерден бұл қылығы үшін кешірім сұрады.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"