Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде мобилизациядан жалтару бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды

Ресейде мобилизация кезінде әскери борышын өтеуден жалтару фактісі бойынша алғашқы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Ресей Федерациясының Тергеу комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

РИА Новости

"Известия" басылымы мәліметінше, 23 қыркүйекте әскери есепте тұрған 32 жастағы Пенза қаласының тұрғынына 26 қыркүйек күні Пенза облысы Кондольский ауылдық кеңесінің әкімшілігіне шақырту алған. Ол ішінара мобилизация шеңберінде әскери комиссариатқа жіберілуі қажет болған.

"Әскери қызметтен босатуға заңды негіз болмаса да, ол шақырту бойынша келген жоқ, – деп хабарлады министрлік.

Ер адамға қатысты 328-баптың 1-бөлігі "Әскери қызметке шақырудан жалтару" бойынша екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын іс қозғалды.



Ведомствоның ресми мәлімдемесінен бұрын ресейлік заңгер Павел Чиков Telegram-арнасында ер адамның ОМОН-ның күшімен ұсталғанын және уақытша ұстау изоляторында екінші күн жатқанын хабарлаған.

Еске салсақ, 24 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин әскери қызметке қатысты түзетулер пакетіне қол қойды. Осылайша, запастағы әскери қызметке шақырылғандар келмегені немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметшілермен тең дәрежеде қызмет орнынан рұқсатсыз кеткені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Айта кетейік, 21 қыркүйекте Владимир Путин әскердің бір бөлігін мобилизациялау (мемлекеттің қарулы күштерін бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшіру) туралы қаулыға қол қойған еді. Оның сөзінше, бұл Ресейдің егемендігі мен біртұтастығын сақтау үшін жасалған. Сонымен қатар әскери қызметке барлық азаматтар емес, запастағы әскерилер шақырылады.  

Талқылау