Ресейде көпір опырылып, пойыздың үстіне құлады: Жеті адам қаза тапты
Фото: Baza арнасынан
Ресейдің Брянск облысында үстінде жүк көлігі келе жатқан көпір опырылып құлап, астында өтіп бара жатқан пойыз вагонына түсті. Жеті адам қаза тауып, 30-дан аса адам зардап шеккен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Baza Telegram арнасының хабарлауынша, көпір фурамен бірге жолаушылар пойызының үстіне құлаған.
Мәскеу темір жолының (КТК)баспасөз қызметі бұл тұрғыда заңсыз араласу себептері болып отырғанын жеткізді. Төтенше жағдай бір жолды аралықта болған.
"Климово – Мәскеу бағытында жүрген №86 жолаушылар пойызының локомотиві мен вагондары рельстен шығып кетті. Бұл апат автомобиль көпірінің құлап түсуінен болды. Ал көпірдің құлауына көлік жұмысына заңсыз араласу себеп болған."", - деп хабарлады КТЖ.
-
Атырау облысындағы жанармай құю бекетінде жойқын жарылыс болды (видео)
-
Солтүстік Кореяда кеме аударылғаны үшін жоғары лауазымдағы шенеунік қамауға алынды
Ресейлік Telegram-арналар көпірдің жолаушылар пойызы астынан өтіп бара жатқан кезде жарылғанын жазды.
Кейінірек Брянск облысының губернаторы Александр Богомаз қаза тапқандар саны жеті адамға, жараланғандар саны 33 адамға жеткенін нақтылады.

"Мені қазақ емес деп ойлайды": Желіде Қазақстан туралы айтып жүрген америкалық жігіт көпті тәнті етті
