Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қызметінен босатылған көлік министрі өзіне қол салды

Роман Старовойт өзіне қол салды

Фото: Алексей Даничев / ТАСС

Мемлекеттік дума Ресейдің бұрынғы көлік министрі Старовойт өзін-өзі атып өлтіргені растады. Қазіргі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ресей Мемлекеттік Думасының қорғаныс комитетінің төрағасы Андрей Картаполов RTVI арнасына берген сұхбатында бұрынғы көлік министрі Роман Старовойттың өзін-өзі өлтіргенін растады. Бұған дейін Владимир Путин оны қызметінен босатқан болатын.

РИА Новости агенттігі де бұл ақпаратты шұғыл қызметтерге сілтеме жасап жариялады.

Қайғылы оқиға Мәскеу маңындағы Одинцово қаласында, Старовойттың үйінің жанында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, экс-министр өз автокөлігінің ішінде оқ жарақатынан көз жұмған.

Ресейдің Тергеу комитеті оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасап, Старовойттың өлімінің мән-жайын анықтау бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Қазіргі уақытта негізгі нұсқа — суицид.

"Бүгін Одинцово қалалық округінде бұрынғы көлік министрі Роман Владимирович Старовойттың денесі жеке автокөліктің ішінен табылды. Ол оқ жарақатын алған", — делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін бірқатар телеграм-арналар Старовойт өз үйінде өзін-өзі атып өлтірген деген ақпарат таратқан болатын.

Еске салайық, 5 шілдеден бастап Ресейде ұшқышсыз ұшу аппараттарының (дрондардың) шабуылдары жиілегеннен кейін елдің әртүрлі аймақтарында әуе кеңістігін пайдалануға шектеулер енгізілген еді. Кейін Владимир Путин Ресейдің көлік министрі Роман Старовойтты қызметінен босатты. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 07 Шілде, 2025 18:30
Талқылау