Ресейде қақаған аязда жоғалып кеткен бала мысықтың арқасында аман қалды
Ресейдің Калининград облысында полиция жоғалып кеткен 13 жастағы баланы тапты. Ұл бала түнді иесіз қорада өткізген екен. Ол жерде ұлды қаңғыбас мысық жылытыпты, деп хабарлайды Ресейдің өңірлік ІІМБ сайтына сілтеме жасап Stan.kz.
Сурет: Ресей ІІМБ сайты
Полиция мәліметінше, ұл бала 25 қаңтар күні таңертең Добровольск ауылындағы мектеп маңында жоғалып кетіпті. Ол тек ертесі күні таңертең сағат 10:00 шамасында табылған. Анықталғандай, бала мектепке барудың орнына Краснознаменск қаласындағы әжесіне бармақ болған.
«Ол барғанда, әжесі үйде болмаған. Сондықтан қайта үйіне қайтқна. Руслан қайтып келе жатқанда күн батып кеткендіктен, жолында кезіккен қорада түнеуіне тура келіпті», – дейді полициядағылар.
Ол жерде жасөспірімнің жанында қаңғыбас мысық болған. Ол түнімен баланы жылытып шығыпты. Мұнан кейін жасөспірім мысықты үйіне ала кетіп, оған Құтқарушы деп ат берген.
Оқи отырыңыз:
Жапонияда бұрын-соңды болмаған эпидемия салдарынан 3 миллион адам тұмауға шалдықты
Әйел студентпін деп 20 жыл бойы жатақханада тұрып келген
Үндістандық өзінің пойыз астына түскенін таспаға түсіріп алды (видео)