Ресейде екі Қазақстан азаматы сотталды
Қазақстанның екі азаматы Ресейдің Алтай өлкесінде кеден қызметкеріне пара ұсынғаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейдің Алтай өлкесінің аудандық сотында Қазақстанның екі азаматына үкім шығарылды. Олар "лауазымды адамға алдын-ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде заңсыз әрекеттер жасауына байланысты пара бергені үшін" кінәлі деп танылды.
Сот үкімі бойынша сотталушыларға бір миллион рубль, яғни 5 миллион 630 мың теңге айыппұл салынды. Олардың әрқайсысы осы соманы төлеуі керек.
- "Путин үшін 14 жылға сотталдым": Мұхтар Жәкішев ресейлік компаниямен болған жанжал мен өзінің қамалуы туралы айтты
- Теміртауда өгей қыздарын бірнеше рет зорлаған ер адам өмір бойына сотталды
Іс материалдарына сәйкес, қазақстандықтар ресейлік кеденшіге Моңғолиядан Қазақстанға автокөліктерді Ресей Федерациясының аумағы арқылы тиісті құжаттарсыз өткізгені үшін төрт мың доллар (1,7 млн теңге) көлемінде пара ұсынған.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”