Ресейде астананы Сібірге ауыстыру ұсынылды
Ресейлік миллиардер, "Вольное дело" қорының негізін салушы Олег Дерипаска Ресей астанасын Мәскеуден Сібірге ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.
Красноярск экономикалық форумында сөз сөйлеген дерипаска Ресейде басқару жүйесіне өзгерту қажет екенін айтты.
"Біздің қызығушылығымыз Азияда болса, астананы Мәскеуде қалдырудың не керегі бар? Мүмкін астана Новосибирск немесе Красноярскте болса, барлығы өзгеше болатын шығар? Егер бұл қадамға дайын болмасаңдар, биліктің бір бөлігін осында берейік. Жаңа банктер, жаңа қаржы институттары құрылады. Қарапайым заттарда алу үшін Мәскеуге ұшып барудың не керегі бар", – деді кәсіпкер.
Миллиардердің сөзінше, ол өзі үшін бірнеше қорытынды жасаған және бұлармен бөлісуге дайын.
"Бірақ алдымен бейбітшілік орнағанын қалаймын", – деді Дерипаска.
2021 жылы Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу да астананы Сібірге ауыстыруды және 5 миллион адамға арналған 5 қала салуды ұсынған.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
