Ресейдің төтенше жағдайлар министрі адам өмірін құтқарамын деп мерт болды
Ресей Федерациясының төтенше жағдай министрі Евгений Зиничев қызметтік борышын орындау кезінде көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ол ведомствоаралық оқу-жаттығу кезінде адам өмірін құтқарған.
"Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Евгений Зиничевтің қызметтік міндетін орындау кезінде опат болғанын қайғырып хабарлайды. Ол арктикалық аймақта төтенше жағдайлардан қорғану бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығуға қатысып, адам өмірін құтқаруға тырысқан", – делінген ресми хабарламада.
"Россия сегодня" ХАА және RT бас редакторы Маргарита Симонян Ресей ТЖМ басшысының қайғылы өлімі қалай орын алғанын айтып берді.
"Олар оператормен бірге шоқының шетінде тұрған. Оператордың аяғы тайып, суға түсіп кетті. Куәгерлер жеткілікті болды. Оқиға көзді-ашып жұмғанша орын алды. Зиничев оператордың артынан суға түсіп, шығыңқы тасқа басын соқты" , – деп жазды ол Telegram каналында.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады