Ресей шенеуніктері Қазақстанда орыс тілі жеткілікті оқытылмайтынын айтып, шағымданды

Ресей шенеуніктері Қазақстандағы мигранттарға орыс тілі жеткілікті оқытылмайтынын айтып, шағым білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресейдің Тюмень облысы билігі Қазақстаннан келген қыздарды мектепке қабылдаудан бас тарту себебін түсіндірді.
Білім департаментінің мәліметінше, Павлодардан көшіп келген Морозовтар отбасының қыздары Илонa мен Саша Тюменьдегі мектепке орналасқан жоқ. Себебі олардың орыс тілінде тапсырған тестінің нәтижелері төмен болып шықты. Аймақ әкімдігі Қазақстандағы орыс тілі сабақтарының саны Ресей бағдарламасы бойынша оқу үшін жеткіліксіз екенін айтты. Олар ата-анаға қыздарын қайта тестілеуге дайындауды тапсырған.
Қазақстанның 95%-ы орыс тілінде сөйлейді – Дәурен Абаев
Ирандық қазақ қызы отандастарының орыс тілінде сөйлейтінін көріп көз жасына ерік берді
“Балалар Қазақстанның бір мектебінде оқыған. Онда орыс тілі сабақтары аптасына екі рет өткізілген. Бұл Ресейдегі мектеп бағдарламасын, әсіресе соңғы сыныптардағы білімді меңгеруге жеткіліксіз. Емтихан мазмұны, бағалау критерийлері және минималды өту ұпайлары Білім департаментімен келісіп, бекітілген. Емтихан барысында аудио және видео жазба жүргізіледі. Нәтижелерге апелляция беру арқылы шағым жасауға болады. Бірақ ата-аналардан өтініш түспеген”, – деп хабарлады Тюмень облысы Білім департаменті.
Шенеуніктер балалардың Ресей азаматтығын алу мәселесі қаралып жатқанын, бірақ ата-анадаң әлі ресейлік паспорт болмағандықтан қиындық туған.
Ал әлеуметтік желілерде Қазақстаннан Ресейге көшкен Илонa мен Сашаның Владимир Путинге жолдаған видеосы тарады. Онда қыздар Тюменьдегі мектепке қабылданбағанын айтып, шағымданған.
8 жастағы Сашаның айтуынша, олар отбасы болып Павлодардан Тюменьге алты ай бұрын көшкен. Алайда Саша мен әпкесі әлі де жергілікті мектепке түсе алмай жатыр екен.Сбебі орыс тілінен тестілеуде сәтсіздікке ұшыраған. Саша өз ана тілін еркін меңгергенін айтып, оқуға қабылдауды өтініп сұрады.
“Біз Қазақстанның Павлодар қаласынан өз туған жерімізге білім алу үшін көштік. Бірақ комиссия менің ана тілімді білмейтінімді айтты. Ал мен тек орыс тілінде сөйлеймін, басқа тіл білмеймін. Өтінемін, мектепке қабылдануға көмектесіңіздер”, – деді Саша.
Оның әпкесі, 15 жастағы Илона да жағдайды баяндап, Қазақстанда 9 жыл бойы орыс мектебінде оқығанын және басқа тіл білмейтінін жеткізді.
Отбасы бірнеше мекемеге шағымданғанымен, ешқандай жауап болмаған. Ата-аналар Қазақстанға қайта оралғысы келмейтінін айтып, көмек күттіп отыр екен.
Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Корея мектептерінде енді орыс тілі міндетті тіл ретінде оқытылатыны туралы жазған едік.
"Кәнсіл": Қазақстандықтар 2025-тің жыл сөзін таңдады