Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей мен Украина арасында келіссөздер басталды

Беларусьте Ресей мен Украина арасында келіссөздер басталды.

Кремль Ресейдің қандай ұстанымда болатынын жария етуден бас тартты. Ал Украина делегациясы негізгі сұрақ - “оқ атуды шұғыл тоқтату мен Украина аумағынан әскерлерді шығару” болатынын мәлімдеді. 

Кездесу Украина шекарасына жақын Припять өзені жағалауында өтуде. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында нақты орын аталмады.

Ресей делегациясының жетекшісі Владимир Мединский Мәскеудің Киев өкілдерімен "қанша уақыт қажет болса да, сөйлесуге дайын" екендерін жеткізді. Айтуынша, Ресей өкілдері "түнімен ұйықтамай, украиналықтардың келуін күткен". 



Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленскийдің Twitter-дегі парақшасында Беларусь президенті Александр Лукашенконың "украиналық делегация келіссөздерге шығып, елдеріне қайтқанға дейін Беларусь аумағындағы барлық ұшақтар, тікұшақтар мен ракеталардың жерде қалатынын айтып, жауапкершілікті өз мойнына алғаны" жөнінде ақпарат пайда болды. 

Бұған дейін Зеленский соғысқа жарамды әскерилерді түрмелерден босату туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ, Зеленский келіссөз туралы пікір білдіріп, кездесу нәтижесіне сенбейтінін айтты.

Назгүл Әбушәріпқызы
Дүйсенбі, 28 Ақпан, 2022 15:36
Талқылау