AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өндірістер жабылып, жұмыссыздық артады: Базалық пайыздық мөлшерлеменің 20%-ға көтерілуі Ресейге несімен қауіпті

Ресей банкі 28 ақпаннан бастап жылдық негізгі мөлшерлемені 20%-ға арттыру туралы шешім қабылдады. Бұған дейін ол 9,5%-ды құраған еді. РФ орталық банкі мұндай шешімге "сыртқы жағдайдың" түбегейлі өзгеруімен байланыстырды. Шара Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін қатаң санкциялардың салынуы мен рубльдің құлдырауы аясында қолданылып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Ресей экономикасы үшін сыртқы жағдай түбегейлі өзгерді. Негізгі мөлшерлемені көбейту депозиттік мөлшерлемелері арттыруға мүмкіндік береді. Ал ол девальвациялық және инфляциялық қауіптердің орнын толтыруға қажет. Бұл қаржылық және бағалық тұрақтылықты сақтауға және тұрғындардың жинағын құнсыздандырудан сақтауға көмектеседі", - делінген банктің телеграм-каналында жарияланған хабарламада. 



Негізгі мөлшерлемеге қатысты әрі қарайғы шешімдер сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарай қабылданатын болады. 

Айта кетейік, 11 ақпан күні орталық банк негізгі мөлшерлемені 9,5%-ға арттырды. Бұл банктің мөлшерлемені қатарынан сегізінші рет көтеруі.
Ресей қаржы министрлігі орталық банк мәлімдемесінен кейін экспорттаушыларды сыртқы келісімдер аясында түсетін валюталық түсімнің 80%-ын сатуға міндеттеді. 

Айта кетейік, рубль тарихи көрсеткішке дейін төмендеді.

Мәскеу биржасындағы валюталық сатылымдар сағат 10:00-де ашылды. Ашылған сәтте доллар 5 рубльге қымбаттап, 90 рубльге дейін, ал еуро - 7,65 рубльге қымбаттап, 100,64 рубльге дейін жетті.

Ресей Орталық банкінің негізгі мөлшерлемені 9,5-тен 20%-ға арттыруы нені білдіреді?

Экономист Мұхтар Тайжан Ресей банкінің бұл шешімінен кейін, көршілес ел экономикасын қандай өзгеріс күтіп тұрғанын болжады.

"Бұл дегеніңіз коммерциялық банктер Ресей экономикасына несие беруді тоқтатады. Несие бойынша мұндай мөлшерлемені төлеп, иесіне пайда алып келетіндей бизнес жоқ. 

Екіншіден, жұмыссыздық деңгейі артады. Өйткені мұндай мөлшерлемемен қолданыстағы бизнестер мен өндірістер жабылуға немесе жұмыс орнын қысқартуға мәжбүр болады. 

Иә, экономикада рубльдің ақша массасының қысқаруы инфляция деңгейін төмендетіп, рубльдің нығаюына көмектесуі керек еді. Бірақ, меніңше мұндай шаралар енді рубльге көмектеспейді", - деді Тайжан. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ақша айырбастау пункттерінің жұмысы тоқтағанын жаздық.

Сондай-ақ, Қазақстан қор биржасы 28 ақпан сағат 15:00-ге дейін сауда-саттықты тоқтатты.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр