AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
AAPL
143.78 $
2.32 %
TSLA
707.73 $
7.43 %
NDAQ
150.93 $
2.33 %
GOOGL
2155.85 $
1.88 %
FRHC
41.25 $
2.79 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан қор биржасы 28 ақпан сағат 15:00-ге дейін сауда-саттықты тоқтатты

Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп теңге – АҚШ доллары валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

доллар

Атап айтқанда, 28 ақпанда сауда-саттық Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15-00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады.

Ұлттық банк бұл шешімді белгісіздіктің жоғары деңгейімен және валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа сыртқы геосаяси факторлардың қысымын барынша азайту қажеттілігімен түсіндірді.

"Сонымен қоса, сыртқы қаржы нарықтарындағы қазіргі сәттегі аса айқындалмаған жағдайлардың өзгеруіне қарай Ұлттық банк "Қазақстан қор биржасы" АҚ-пен бірлесіп 28 ақпанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15-00-ге дейін биржалық валюталық сауда-саттықты толық тоқтата тұру туралы мәселені қарауы мүмкін", - делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.

Бұл шаралар уақытша сипатқа ие, белгісіздіктің жоғары дәрежесін және сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа көрсетілетін қысымды барынша азайту қажеттілігін көрсетеді.



Ұлттық банк рубльдің құлдырауына байланысты қандай шара қабылдайды?

27 ақпанда Қазақстанның Ұлттық банкі Ресейге қарсы санкцияларды қадағалап, олардың Қазақстанның қаржы жүйесіне әсер ету дәрежесін бағалайтыны туралы мәлімдеме жариялады.

"Ұлттық банк нақты уақыт режимінде ел үкіметтерінің, орталық банктердің және қаржы ұйымдарының ресми мәлімдемелеріне мониторинг жүргізеді және Ресейге қарсы жаңа санкциялардың Қазақстанның қаржы жүйесіне әсер ету дәрежесін бағалайды", - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, әңгіме кейбір ресейлік банктерді SWIFT хабар алмасу жүйесінен шығару және басқа да шектеу шараларын, соның ішінде Ресейдің Орталық банкіне қатысты енгізу туралы болып отыр.

Рубль бағамының шектен тыс құлдырауының теңгеге негізсіз әсерін азайту мақсатында Ұлттық банк қажет болған жағдайда валюталық интервенциялар жүргізетінін жеткізді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр