Еліміздің кейбір қалаларында ақша айырбастау пунктері жұмыстарын тоқтатты
Елімізде доллар бағамының құбылуына байланысты кейбір қалаларда ақша операциялары тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда доллар және еуро сату тоқталған. Қазір қалада доллар бағамы 460-467 теңге аралығында болса, еуро 517-519 теңгеге тең.
Алматыда шетел валютасы сатылымда бар, дегенмен кейбір ақша айырбастау пунктері доллар мен еуроны сатуды тоқтатқан. Мегаполисте доллар 465-467 теңге, ал еуро 521-523 теңгеге жетіп отыр.
Айта кетсек, ресейлік Сбербанк қосымшасында доллар 99,49 рубльге жуықтаған, ал еуро 110,49 рубльден асып тұр.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік банктер SWIFT жүйесінен ажыратылатыны айтылған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды