Ресей мемлекеттік думасында Литва, Латвия, Эстония және Украинаның тәуелсіздігін мойындаудан бас тарту ұсынылды
Ресей думасының депутаты Евгений Федоров Sputnik Латвия агенттігіне берген сұхбатында Ресейдің "Литвамен енді айналыса бастағанын" айтып, болашақта тағы үш елдің – Латвия, Эстония және Украинаның тәуелсіздігін мойындаудан бас тартуы мүмкін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Газета.ru жазады.
"Литваның бұл тізімде 1-орында тұруының бірнеше себебі бар. Ал механизм пысықталғаннан кейін НАТО-ның басқа аумақтарында оны әзірлейміз. Және тек НАТО-да ғана емес. Мәселен, Украина кезінде КСРО құрамынан заңсыз шыққан", – дейді депутат.
Оның айтуынша, дәл осы елде 1990 жылғы "Одақтық республиканың КСРО-дан шығуына байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" заңға байланысты "нақты аумақтық мәселе" қалып қойған.
- "Швеция қосылмаса, біз де кірмейміз": Финляндия НАТО-ға өз талабын айтты
- Путин өзін I Петр патшамен салыстырып, Ресейге тиесілі жерді қайтаратынын мәлімдеді
"Біз Кеңес Одағының құқықтық мұрагері ретінде оларды қайшылықты және даулы деп анықтауға құқымыз бар. Мұның барлық аймақтарға қатысты емес екенін айта кетейік. Егер елдер қауіп төндірмесе, онда біз олармен ештеңені өзгертпейміз – бейбітшілі пен достығымыз жалғаса береді", – деп атап өтті Федоров.
Бұған дейін Литваның сыртқы істер министрі Габриэлиус Ландсбергис Литваның тәуелсіздігін мойындаудан бас тарту туралы РФ Мемлекеттік Думасына ұсынылған заң жобасынан сескенетінін айтқан.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
