Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Швеция қосылмаса, біз де кірмейміз": Финляндия НАТО-ға өз талабын айтты

Егер Түркиямен арадағы мәселе шешілмей, НАТО-ға Швеция кірмейтін болса, Финляндия да қосылмайды. Бұл жөнінде Финляндия президенті Саули Ниинистё мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

финляндия нато

"Менің айтпағым, Швецияның ісі – біздің де ісіміз. Бұл біздің кез келген жағдайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып жылжитынымызды білдіреді", – деді Финляндия президенті.

11 маусымда Саули Ниинистё НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізген.

Альянстың Бас хатшысы Култаранта қаласында болып, ел басшылығымен оның НАТО-ға кіру мәселесін талқылады. Келесі күні Столтенберг Швецияға барып, премьер-министр Магдалена Андерссонмен кездеседі деп жоспарланған.



Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Ресей Украинаға шабуыл жасаған соң Финляндия мен Швеция да қауіптеніп, НАТО құрамына алу жөнінде өтініш берген. Скандинавия елдерін мүшелікке қабылдауға Түркия қарсы болған.

Түркия билігі олардан Күрдістан жұмысшы партиясына қолдау көрсеткенді тоқтатуды талап еткен. Анкара бұл ұйымды террор партия деп санайды. Түркия мұнан өзге, Швеция паналатып отырған, "террорға қатысы бар" күрд белсенділерін беруді талап етіп отыр.

Столтенбергпен бірге баспасөз конференциясын өткізген Ниинистё Түркия қарсылығын күтпегенін, бірақ Анкара талабына мұқият назар аудару қажеттігін айтты.

Столтенбергтің сөзінше, НАТО елдерінің ішінде террордан дәл Түркиядай зардап шеккен ешкім жоқ, сондықтан бұл мәселені де ескеріп, түсіністікпен қарау керек.

Талқылау