Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей қосылған құн салығын 22%-ға дейін өсіруді қарастыруда

Ресей қосымша құн салығын 22 пайызға өсіруді қарастыруда

Фото: pixabay.com

Ресей үкіметі бюджет тапшылығы артып келе жатқан тұста салықтарды, соның ішінде қосылған құн салығын (ҚҚС) көтеруді қарастырып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Осыған байланысты Ресейдің Қаржы министрлігі үкіметке салық заңнамасына өзгерістер енгізуді көздейтін бюджеттік ұсыныстар топтамасын тапсырды.

Құжатқа сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін 20%-дан 22%-ға дейін арттыру ұсынылған. Бірақ әлеуметтік маңызы бар тауарларға азық-түлік, дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар, балалар тауарлары және тағы басқа санаттарға жеңілдетілген 10%-дық салық мөлшерлемесі бұрынғысынша сақталады. 

Министрлік бұл шара қорғаныс пен қауіпсіздік салаларын қаржыландыруға, сондай-ақ мемлекеттік бюджетті теңгерімді етуге бағытталғанын атап өтті.

"2026–2028 жылдарға арналған бюджет жобасының негізгі басымдықтары – азаматтар алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындау, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігіне қаржы бөлу. Сонымен қатар арнайы әскери операцияға қатысушы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету және президент белгілеген 2030 жылға дейінгі ұлттық мақсаттарға қол жеткізу", – делінген құжатта.



Сонымен қатар ұсынылған өзгерістер пакетінде құмар ойын бизнесіне де жаңа талаптар бар:

  1. Букмекерлік кеңселерге қабылданған ставкалардан 5% салық енгізіледі;
  2. Олар үшін ұйымдардың табыс салығы 25% деңгейінде белгіленбек.

Басқа өзгерістердің қатарында:

  1. Жеңілдетілген салық режимін қолданатын кәсіпкерлер үшін табыс шегін 60 миллион рубльден 10 миллион рубльге дейін төмендету;
  2. Шағын және орта бизнеске арналған сақтандыру жарналарының жеңілдетілген тарифтерін қайта қарау;
  3. Егер бұл түзетулер мақұлданса, олар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
STAN.KZ
Бейсенбі, 25 Қыркүйек, 2025 10:09
Талқылау