Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Қазақстанда орналасқан техникалық нысанаға зымыранмен шабуыл жасады

Ресей Қазақстандағы Сары-Шаған полигонындағы нысанаға құрлықаралық баллистикалық зымыран арқылы (ҚБЗ) соққы жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Новые известия" басылымына сілтеме жасап.

ракета

“Стратегиялық зымыран күштері 11 сәуірде Астрахань облысындағы “Капустин Яр” полигонында баллистикалық зымыранды сынақтан сәтті өткізді. Сынақтар ҚБЗ жетілдірілген жауынгерлік техникасын сынауға бағытталған және жаңа зымырандық жүйелерді әзірлеуде қолданылатын контур дизайны мен техникалық шешімдердің дұрыстығын растауға мүмкіндік берді. Зымыранның оқу-жаттығу оқтұмсығы Қазақстан Республикасындағы “Сары-Шаған” полигонындағы шартты нысанаға берілген дәлдікпен тиді.  Әскерилер өздеріне жүктелген міндеттерді толық орындап шықты”, – делінген сәрсенбіде тараған ақпаратта.



Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябковтың америкалық тарап “Капустин Ярдан” ҚБЗ ұшырылғаны туралы хабардар етілгені атап өтіледі. 

Талқылау