Ресей Қазақстан мен ТМД елдеріне азаматтар мен компанияларды бірлесіп банкротқа ұшыратуды ұсынды
Ресейдің экономикалық даму министрлігі ТМД елдеріне трансшекаралық банкроттық туралы келісім жасауды ұсынды. Ол тұрғылықты жеріне немесе тіркелуіне қарамастан, активтері бар адамдар мен кредиторларға сот шешімі бойынша банкроттыққа құқық береді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Құжат трансшекаралық банкроттыққа байланысты қатынастардың құқықтық сенімділігін орнату мақсатында құрылды. Бұл мәселен компанияның әртүрлі мемлекеттерде шетелдік борышкерлері мен несие берушілері немесе мүлкі болған кезде қолданылады.
Құжаттың күші банктерге, билік органдарына және қорғаныс-өнеркәсіп кешені компанияларына, басқа да барлық азаматтарға қолданылады. Құжатқа сәйкес, ТМД елдері соттарының құзыреті анықталып, банкроттық рәсіміне және шетелдік активтерге билік ету мәселелеріне қолданылатын құқық айқындалады. Сондай-ақ шетелдік активтерді тану тәртібі бекітіледі.
Төлем қабілетсіздігі процесі бірнеше елдерде болуы мүмкін. Сол себепті сот оның банкротығын тұрғылықты немесе тіркелген жерінде емес, басқа елде орналасқанын да мойындай алады. Құжат ТМД елдерінің соттарымен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді. Рәсім арқылы әкімшілер активтерді сату туралы уағдаласа алады. Ал кредиторлар бір мезгілде бірнеше мемлекеттерде банкроттыққа қатыса алады.
Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігі бұның достастық шеңберінде одан әрі экономикалық жақындасуға және интеграцияға жағдай жасайтынын айтты.
РКТ консалтингтік тобының кеңесшісі Иван Стасюк келісім несие берушілерге көбірек қауіпсіздікке қол жеткізуге және басқа елдерде шоғырланған активтерден түсетін түсімге сенуге мүмкіндік беретінін айтты.
BGP Litigation серіктесі Владимир Ефремов ТМД елдері арасындағы қаржылық және корпоративтік интеграция деңгейі Ресейге санкциялық қысымға пропорционалды түрде артып келе жатқанын растады. Оның айтуынша, ресейлік компаниялардың ТМД елдерінде өкілдіктер мен құрылымдар ашуы керісінше қалыпты жағдайға айналған.