Астанада саябақта балалардың көзінше үйрек сойған ер адам жұртты шошытты

Фото: Видео кадрларынан скрин
Астанадағы Президенттік саябақта балалар мен ересектердің көзінше үйректі соя бастаған ер адам жұртты шошытты. Келушілер ер адамның бұл әрекетімен қорқытып қана қоймай, айналасын ластағанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл сәтті кездейсоқ өтіп бара жатқан адам видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Бейнежазба көпшіліктің наразылығын тудырып, полиция бұл оқиғаға дереу назар аударды. Ер адамның кім екені тез анықталып, ол полиция бөліміне жеткізілген.
Тергеу барысында 38 жастағы тұрғын үйректерді ауылдан туыстары әкеліп бергенін айтты. Әйелі оны "пәтерді былғамау үшін сыртта бөлшекте" деп жіберген. Ал ол басқа жер таппай, Президенттік саябақта үйректерді союға шешім қабылдаған.
Қазір оның ісі сотқа жіберілді. Полиция мәліметінше, ер адамға қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.
Құқық қорғаушылар мұндай әрекеттердің қоғамдық орындарда мүлде жарамсыз екенін, әрі санитарлық талаптарды бұзатынын еске салды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар