Илон Маск 5 жылдың ішінде смартфондардың жойылатынын болжады

Фото: Сұхбат кадрларынан скрин
Америкалық миллиардер Илон Маск 2030 жылға қарай смартфондардың жойылатынын болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Илон Масктың айтуынша, дәстүрлі смартфондарды жасанды интеллектпен толыққан экранды және аудиоқұрылғылар алмастырады. Бұл туралы ол Джо Роганға берген сұхбатында айтты.
"Бүгін біз телефон деп атайтын нәрсе – бұл жасанды интеллект арқылы видеоны талдайтын және байланыс жасауға арналған радиомодулі бар құрылғы болады. Негізінде сіздің құрылғыңыздағы жасанды интеллект сервердегі жасанды интеллектпен жұмыс істейді," – деді Маск.
Сонымен қатар, Маск жасанды интеллект пайдаланушының тілегін алдын ала болжай алатын болатынын айтты.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады