Ресей билігі жақын арада АҚШ санкцияларына қарсы шара қолданып, жауап қайтармақшы
Ресей Федерациясы СІМ басшысының орынбасары Сергей Рябков Мәскеу АҚШ-тың Ресейге қарсы енгізген санкцияларына қарсы шаралар туралы заң жобасын қабылдау мәселесін ұзаққа созбайды деген мәлімдеме жасады.
Бұл туралы РИА Новости порталы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Ресейдің АҚШ енгізген санкцияларға қарсы қолданатын маңызды заң жобасы тез қаралады деп ойлаймын. Себебі, осы санкцияларға байланысты туындаған жағдайлардың өзі барынша күш-жігер жұмсауды талап етеді”, — дейді Рябков РИА Новости порталына берген сұхбатында.
Рябков бүгінгі таңда Ресейдің сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың санкцияларына қарсы қашан және қандай шара қолданылатынын нақты айта алмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, өткен жұмада Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин мен фракция жетекшілері парламенттің төменгі палатасына АҚШ санкцияларына қарсы шаралар қабылдауды көздейтін заң жобасын енгізген болатын. Аталған құжатта АҚШ-тың ауыл шаруашылық, алкоголь және темекі өнімдерін Ресей үкіметіне әкелуге тыйым салу қарастырылған.
Оқи отырыңыз:
Анасы қызын аппараттан суырып тастауды сұрады: Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалды
Қуаттағыштың сымымен ұрған: 20 жастағы жігіт төрт жасар өгей қызын қатыгездікпен азаптаған
Заңсыз салынған үйін бұзуға наразылық білдірген әке 6 айлық қызын шатырдың төбесінен тастап жіберді

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
