Анасы қызын аппараттан суырып тастауды сұрады: Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалды

Кішкентай Лейланың миына қан құйылып, ақырында оның жүрегі ұстап қалды. 10 жасар қыз алты минут бойы тыныс алмады. Дәрігерлер бір ғажайыптың боларынан үміттеніп, оны арнайы аппаратқа қосып қойды, алайда анасы қыздың өліміне дайын болды.

Анасы қызын аппараттан суырып тастауды сұрады Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалды

28 жастағы әйел дәрігерлерден «қызымды босатыңдар» деп сұраған. Бұл туралы шетелдік Daily Mail басылымына сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Сол күні Лейланың басы қатты ауырды. Алайда үйдегілер оған аса мән бермеді. Қыз талып құлаған соң, жақындары оны жедел түрде ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер жеткіншекті жасанды комаға жатқызды, ал төрт күннен кейін қыздың жүрегі ұстап қалды.

Лейла алты минут бойы тыныс алмады, алайда ақ халаттылар оны өмірге қайта оралтты.

Жан сақтау бөліміне түскеннен кейін, Лейланың өмірі тек аппарат ұстап тұрды.

Анасы қызын аппараттан суырып тастауды сұрады Бірақ дәрігерлер оны құтқарып қалды

«Тағы да жүрегі тоқтап қалған жағдайда, оны аппаратқа қоспауды сұрадым. Себебі оның қиналғанын қаламадым. Бірақ сол сәтте ол кері бұрылып, қайта тыныс ала бастады», – дейді анасы.

Бір ғажаптың күшімен өмірге қайта оралғанымен, қыз әлі де ешқандай белгі бермейді. Қазір оның жағдайы бірқалыпты. Алайда оның болашағы жайлы дәрігерлер ештеңе айта алмай отыр.

Тағы оқыңыз: 

Блогер сұхбат кезінде «Человек паук» фильмінде басты рөлді сомдаған актердің аяқ киімін жалауға тырысты

Қуаттағыштың сымымен ұрған: 20 жастағы жігіт төрт жасар өгей қызын қатыгездікпен азаптаған

Заңсыз салынған үйін бұзуға наразылық білдірген әке 6 айлық қызын шатырдың төбесінен тастап жіберді

Қайтыс болған әйелінен хат алып тұратын ер адамның оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
18.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар