Қайтыс болған әйелінен хат алып тұратын ер адамның оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)

Кейт Грейнджер мен Крис Поинтонның оқиғасы әйгілі «P.S. Мен сені сүйемін» фильмімен үндес. Кейт соңғы 5 жыл бойы қатерлі ісікпен күрескен. Алайда 34 жастағы әйел 2016 жылы қайтыс болды. Бұл уақытта ерлі-зайыпты шаңырақ құрғандарына 11 жыл толғанын атап өтуі керек еді.

Қайтыс болған әйелінен хат алып тұратын ер адамның оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)

Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Кейт бақилыққа аттанар алдында күйеуіне тосынсый жасағысы келген. Ол күйеуінің алдағы жылдардағы туған күніне арнап 27 хат жазып қалдырады. Ендігі Крис 65 жасқа келгенше қайтыс болған жұбайынан хат алып тұратын болады. Ер адамның сөзінше, бұл оны бақытты ете түседі.

«Құрметті, Шалтай-Болтай! Ендігі сен 40 жасқа келдің. Шашың түсіп қалмады ма? Мен сені жақсы көремін және қашан да жақсы көретін боламын. Өте қатты», – деп жазған жұбайы Кристің 40 жасқа толған туған күніне арнап.

Қайтыс болған әйелінен хат алып тұратын ер адамның оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)

Құттықтау хаттары салынған қорап Кейттің кереуетінің астынан табылған. Сонымен қатар Кейт өзінің жерлеу рәсімі қалай өтуі керек екенін жазып, күйеуіне өтініш білдіріпті.

Кейт өзінің қатерлі дертке шалдыққанын 2011 жылы білген. Ол кезде ерлі-зайыпты Калифорнияда демалып жатқан екен. Әйелдің арқасы қатты ауыратын болыпты. 2013 жылы ота жасалғаннан кейін, қатерлі дерт әйелдің бүкіл денесіне жайылып кеткен. Десе де Кейт дертіне қарамастан, қалыпты өмір сүруге тырысқан.

Қайтыс болған әйелінен хат алып тұратын ер адамның оқиғасы көпшіліктің жүрегін елжіретті (фото)

Осылайша Кейт «Сәлем, менің есімім…» кампаниясын бастап, медицина саласының қызметкерлерін пациенттерге есімін атауға міндеттеді. Бұл бастама әлемнің 20 елінде қолдау тапты.

Кейт қайтыс болғаннан кейін, оның ісін Крис жалғастырды. Қазіргі уақытта ол демалыс алып, әлем бойынша саяхаттап, онкологиялық ауруға шалдыққандарға көмектесуге арналған қайырымдылық қорымен айналысып жүр.

Оқи отырыңыз:

Бойжеткен өзіне сатқындық жасаған жігіті мен оның ашынасын көліктен шығара алмағандықтан, көлікті өртеп жіберді (видео)

АҚШ ғалымдары әйелдерді зорлықтан қорғайтын білезік ойлап тапты

Таиландта үйлену тойына арналған жасауды жалға беретін қызмет түрі пайда болды (фото)

АҚШ Сирияға алғашқы шабуылын жасады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
11.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар