Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таиландта үйлену тойына арналған жасауды жалға беретін қызмет түрі пайда болды (фото)

Таиландта жасауды жалға беретін қызмет түрі пайда болды. Мұнда да той иелері қонақтар алдында өздерінің тұрмыстық жағдайын көрсетіп, бақуаттылығымен мақтанғысы келеді. Десе де ел тұрғындарының барлығының бірдей керемет сән-салтанатқа жағдайы жете бермейді. Алайда кәсіпкерлер мұның да шешімін тапты.

Таиландта үйлену тойында жасауды жалға беретін қызмет түрі пайда болды (фото)

Бұл туралы Oddity Central басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Көптеген елдерде жасауды қалыңдықтың отбасы әкелсе, Таиландта жасау әкелу – күйеу жігіттің міндеті. Бұл қалыңдықтың ата-анасына қыздарына берген тәрбиесі үшін алғыс және жастардың жаңа өмір бастауға қаржылық тұрғыдан дайын екенінің дәлелі саналады. Алайда мемлекет тұрғындарының барлығы алтын кесектерімен той қонақтарының алдында мақтана алмайды. Бұл орайда Чиангмай қаласындағы мерекелік шараларды ұйымдастыратын Romantiese агенттігі көмек көрсетуге дайын. Ол жастарға қажетті жасауды жалға береді.

Таиландта үйлену тойында жасауды жалға беретін қызмет түрі пайда болды (фото)

Агенттік жастарға ақша, алтын, көлік пен бақуатты өмірдің белгісі саналатын басқа да заттарды жалға береді. Мысалы, тойда доллар қаптамасымен, Mercedes автокөлігімен мақтану үшін, жастар агенттікке 1 100 доллар (360 мың теңгеден аса) төлеуі тиіс. Алайда той кезінде қонақтарға да, жастарға да ақшаны ұстауға болмайды. Оған тек агенттік қызметкерлері жақындай алады.

Агенттік иелері болып табылатын ерлі-зайыптының сөзінше, елде мұндай қызмет түрін ашуға өздерінің үйлену тойлары себеп болыпты.

«Біз 5 жыл бұрын отбасын құрдық. Тойымызда алтын мен көп ақша болғанын қаладық. Алайда біз мұншалықты бай емес едік. Сондықтан біз аталған қызмет түрі жастарға салтанатты күннен тамаша естелік сыйлайды деп үміттенеміз. Біз ғашықтар үшін ерекше күнді мінсіз етуге үлес қосамыз», – дейді агенттік иелері.

Таиландта үйлену тойында жасауды жалға беретін қызмет түрі пайда болды (фото)

Аталған қызмет түрі пайда болған 3 айдан бері 12 жұп жасауды жалға алған екен.

Оқи отырыңыз:

АҚШ Сирияға алғашқы шабуылын жасады

Сот үкімі: Ресейде Telegram бұғатталады

Ресейде қазақстандық студент қызды ғимарат терезесінен итеріп жіберген

Есірткі саудасымен айналысқан жігіт мақтаншақ сүйіктісінің кесірінен ұсталып қалды (фото)

Талқылау