Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қазақстандық студент қызды ғимарат терезесінен итеріп жіберген

Мәскеуде қазақстандық студент қыз ғимараттың 4-інші қабатынан құлап, зардап шекті. Бойжеткен Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының 4-інші курсында оқиды екен.

БАҚ: Ресейде қазақстандық студент қызды ғимарат терезесінен итеріп жіберген

Бұл туралы «Московский комсомолец» сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Оқиға күндізгі уақытта үлкен үзіліс кезінде болған.

Басылым ақпаратына сәйкес, 21 жастағы студент қыз басқа оқу орнында оқитын дағыстандық студент жігітпен сөйлесіп тұрған. Кей мәліметтер бойынша, олардың арасында махаббат болған екен. Жастар бір-бірімен ұрысып қалып, осы кезде жігіт ғимараттың терезесін ашып, бойжеткенді итеріп жіберіпті. Бағына орай, студент қыз топыраққа құлаған.

Жедел жәрдем қызды ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәліметтер бойынша, бойжеткеннің сүйектері сынып, басы жарақаттанған.

Қазіргі уақытта полиция болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Есірткі саудасымен айналысқан жігіт мақтаншақ сүйіктісінің кесірінен ұсталып қалды (фото)

Әлемде есірткі үшін өлім жазасына кесілгендер саны анықталды

Концерт кезінде ән айтып тұрған Вера Брежнева сахнада құлап қалды

Ер адам тойда ән айтып тұрған аяғы ауыр әншіні билемегені үшін атып өлтірді

Талқылау