АҚШ ғалымдары әйелдерді зорлықтан қорғайтын білезік ойлап тапты

АҚШ ғалымдары әйелдерді зорлықтан және тонаудан қорғайтын құрал ойлап тапты.

АҚШ ғалымдары әйелдерді зорлықтан қорғайтын білезік ойлап тапты

Бұл туралы Бирмингемдегі Алабама университетінің сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«911 нөмірін шақыру арқылы апаттық хабарламаға арналған құралды немесе қосымшаны қолдана аласыз. Көмекке шақыру үшін, аталған құралдағы тетікті басу керек. Әдетте қауіпті жағдайда қалғанда, мұндай мүмкіндік бола бермейді», – дейді зерттеу тобының мүшесі Рагиб Хасан.

Зерттеушілер аталған мәселені шешу үшін, білезік ойлап тапты. Мұндай білезік иесіне зорлық не ұрлық қаупі төнген кезде, құрал Bluetooth арқылы смартфонға қосылып, шұғыл қызметтерге хабарлама жолдайды.

Сонымен қатар білезік қолданушының тұрған орнын көрсетіп, қимыл-қозғалысын талдап, адамның қандай қалыпта екенін, яғни тұрғанын немесе жатқанын анықтай алады. Оған қоса аталған құрал қатты дыбыс шығару мүмкіндігіне ие. Осылайша қолданушыға қауіп төнген кезде, басқа адамдардың назарын аударады.

Зерттеушілердің сөзінше, мұндай құрал мүгедектер мен егде жастағы адамдарға шұғыл көмек қажет болған жағдайда қажетіне жарауы мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Таиландта үйлену тойына арналған жасауды жалға беретін қызмет түрі пайда болды (фото)

АҚШ Сирияға алғашқы шабуылын жасады

Сот үкімі: Ресейде Telegram бұғатталады

Ресейде қазақстандық студент қызды ғимарат терезесінен итеріп жіберген

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
20.09.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар